Бұл сервис Алматы мен Қарағандыда өз өкілдері жоқ тасымалдау-экспедиторлық компанияларға арналған.
Біздің мамандар дайын:
— әуежайлардағы жүк терминалдары мен кедендік қоймаларға қатысты кез келген мәселелерді шешуге;
— карантиндік қызметтерде жүк иесінің мүдделерін қорғауға;
— жүктің бақылау таразылауы мен фотофиксациясын ұйымдастыруға;
— жүк партияларын біріктіруді ұйымдастыруға;
— кедендік органдарда құжаттарға белгі қойғызуға, құжаттардың түпнұсқаларын тапсыруға және т.б.;
— арнайы жүктерді өңдеуді бақылауда көмек көрсетуге;
— жүктi қосымша орауды ұйымдастыруға;
— жүк терминалының немесе жергілікті тасымалдау компанияларының қызметтерін төлеуге;
— жүктi алудың стандартты емес түбіртектерін (proof of delivery) ресімдеуге;
— әуежайда жүк ұшағын қызмет көрсетуге – жанармай құюды және экипаждарды орналастыруды қоса алғанда.
Бұл тізімде қажетті қызметті таппадыңыз ба? Бізбен хабарласып, тапсырманы сипаттаңыз, біз міндетті түрде шешім табамыз.